384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияда тіл саясатына қарсы наразылық іс-шарасы өтті

  • 146
  • UPD: 19:23, 20.11.2019

Армения жастары наразылық шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар елдің білім беру жүйесінде жоспарланған реформаларға қарсы. Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі гуманитарлық емес факультеттерінің оқу бағдарламасынан армян тілі мен әдебиеті және Армения тарихы пәндерін алып тастауды көздеп отыр. Сондай-ақ, мектептерде дін тарихы бойынша сабақтар өткізілмейтін болды. Бұл шешім кең қауымның наразылығын тудырып, 7 қарашадан бері министрлік ғимараты алдында ереуіл жалғасып келеді. Бұл шараны ұйымдастырған жастар қозғалысы министрдің оставкаға кетуін талап етіп отыр. Егер бұл талабына құлақ аспаса, бүкіл елде ауқымды ереуіл бастайтынын ескертті.

Давид Унанян, «Дашнакцутюн» партиясы жастар қозғалысының өкілі:

– Министр қызметінен кетуі тиіс және министрлік өз саясатын ұлттық бағытқа бұруы қажет. Біз ұлттық мүдделерімізді қорғап отырмыз.

Седа Макарян, Ереван мемлекеттік университетінің студенті:

– Ұлттық сана-сезіміміз бен дәстүрлерімізден айырылу қаупі төніп тұр. Өйткені кез-келген халықтың негізінде тіл жатыр. Мен туған тілімізді дамытуға шектеу қоюға қарсымын. Керісінше жоғары оқу орындарында армян тілін оқытудың жаңа әдістемелерін ендіру керек.

Хабар 24 телеарнасы