384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда 25 мигрант мінген кеме ұсталды

  • 194
  • UPD: 17:38, 20.11.2019
Ұлыбританияда 25 мигрант мінген кеме ұсталды

Ұлыбританияда 25 босқын мінген паром ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер кемені Лондонға бара жатқан жолда қолға түсірген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тексеріс кезінде босқындар тоңазытатын қондырғылармен жабдықталған бөлмеде тығылып отырған. Екеуі суық тиіп ауырып отырғандықтан, ауруханаға жіберіліпті. Ал қалғандары медициналық тексерістен өткеннен кейін британ билігімен Нидерландқа кері қайтарылған. Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын ғана британ полицейлері Бельгиядан келген жүк көлігінің мұздатқышынан 39 адамның денесін тапқан еді. Кейін көз жұмған мигранттардың барлығы Вьетнам азаматтары болғаны белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы