437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда үш аралдағы мигранттар лагері жабылатын болды

  • 347
  • UPD: 12:58, 21.11.2019
Грекияда үш аралдағы мигранттар лагері жабылатын болды

Грекия билігі Лесбос, Самос және Хиос аралдарындағы үш ірі мигранттар лагерін жабу туралы шешім қабылдады.

Афины оның орынына келімсектерге арналған уақытша орталықтар құрмақ. Оларда босқын мәртебесін беруден бас тартылып, еліне қайтарылатын мигранттар орналастырылады.

Айта кетейік, Грекияның бұл лагерьлеріндегі жағдай талай мәрте сынға алынған болатын. Себебі мұнда шамадан тыс көп кірмелер орналастырылып, санитарлық жағдай нашарлап кеткен. Бұл тұрғындардың наразылығын туғызды.

Хабар 24 телеарнасы