420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде ТМД ПАА-ның күзгі сессиясы өтіп жатыр

  • 519
  • UPD: 08:35, 22.11.2019
Ресейде ТМД ПАА-ның күзгі сессиясы өтіп жатыр

Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше елдердің парламентаралық Ассамблеясының сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қазақстандық делегация да қатысуда. Басқосу аясында Ассамблеяның тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Сондай-ақ Ассамблеяның 2020 жылға арналған жұмыс жоспары, ТМД-ның 2030 жылға дейін экономикалық даму стратегиясы талқыланды. Бүгін Ассамблея кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко 50-пленарлық отырысты өткізеді деп күтілуде. Осыдан кейін ұйымға мүше елдердің парламент басшыларының баспасөз мәслихаты жоспарланған.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– ТМД-ға мүше елдердің парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырысында бірнеше модульдік заң қарастырылды. Арасында марапаттау туралы, дағдарысқа қарсы жағдайлар туралы заңдар да бар. Жалпы, олар комиссия мүшелерімен мақұлданып отыр. Десе де әлі пысықталатын тұстары бар. Сөйтіп, бұл заңдар Ассамблеяның келесі сессиясында қабылдау үшін ұсынылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы