399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та «Starship MK1» ғарыш кемесі апатқа ұшырады

  • 497
  • UPD: 09:46, 22.11.2019
АҚШ-та «Starship MK1» ғарыш кемесі апатқа ұшырады

АҚШ-та «СпейсЭкс» компаниясының «Старшип Эм-Кей-1» ғарыш кемесінің түпнұсқасы сынақ кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай Техас штатындағы Бока-Чика алаңында болды. Ақпарға қарағанда апат метан мен оттегі орнатылған бөлшектегі қатты қысымнан туған. Соңынан ғарыш кемесі бірқатар құрылғыларды тексеру үшін әдейі толық құрастырылмағаны белгілі болды. Айта кетейік, «СпейсХ» басшысы Илон Маск бұған дейін «Старшип Эм-Кей-1» адамдарды Ай мен Марсқа ұшыруға арналған ғарыш кемесі болады деп мәлімдеген.

 

Хабар 24 телеарнасы