426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар климаттың өзгеруі әлемдік экономикаға қанша шығын әкелетінін есептеді

  • 910
  • UPD: 09:46, 22.11.2019
Сарапшылар климаттың өзгеруі әлемдік экономикаға қанша шығын әкелетінін есептеді

Климаттың өзгеруі салдарынан алдағы 30 жылда әлемдік экономикаға 8 триллион доллар шығын келуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Британдық сарапшылардың жүргізген зерттеу нәтижелері осындай. Мамандардың пайымдауынша, бұл жаһандық түйткілден әсіресе Африка елдері, атап айтқанда Ангола, Нигерия мен Мысыр қатты зардап шегуі мүмкін. Сарапшылар сонымен қоса Бангладеш пен Венесуэлаға да қауіп төніп тұрғанын айтады. Есесіне зерттеуге сәйкес, климаттың өзгеруінің әсері АҚШ-та аз байқалуы мүмкін. Дональд Трамптың бастамасымен мемлекет Париж келісімінен шығып кеткен болатын. Негізі, жер бетіндегі температураның көтерілуіне жол бермеуге бағытталған бұл құжатқа 200-ге жуық ел қол қойған болатын.

Хабар 24 телеарнасы