418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

  • 751
  • UPD: 14:23, 22.11.2019

Еуропада жаңа жыл қарсаңында қарбалас басталып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ретте Прагаға ағылатын туристер нөпірі қалың.

Сұранысқа сай ұсыныс жасай білген жергілікті туристік компаниялар да саяхатшылардың жүрегін жаулау үшін барын салуда. Есесіне бүгінде Прагаға жаңа жылдық турлар түгелдей сатылып, қонақ үйлерде санаулы орын қалған.

Сергей саяхаттауды жақсы көреді, орта есеппен жылына жүз күндей ғана үйінде болады екен. Көптеген елді араласа да, жаңа жыл мейрамын Прагада қарсы алатын әдеті бар. 2005 жылдан бері тек бір рет қана осы қалаға жете алмапты. Биыл сол қателігін ескеріп, бұл қалаға билетті алдын-ала сатып алды.

Сергей Горбачев, саяхатшы:

– Биыл ерте келдім, өйткені осыдан екі жыл бұрын кеш қамданғандықтан, жаңа жылды үйде өткізуге мәжбүр болдым. Барлық билеттер сатылып кеткендіктен, мұнда келуге мүмкіндігім болған жоқ. Бұл жерде демалу қымбат емес, бұл АҚШ емес қой.

Жалпы жаңа жыл қарсаңында Прага бүкіл Еуропаның астанасына айналады. Мерекені қарсы алуға қалаға мыңдаған адам ағылады. Алайда былтыр жергілікті турагенттіктер келушілер саны азайғанын байқаған. Бұған Австрия және Скандинав елдері туроператорларының жеңілдетілген тарифтарды енгізуі себеп болды. Арзандығына қызыққан мыңдаған адам Праганың орнына Вена немесе Стокгольмға барған. Кейбір мәліметтер бойынша, Прагаға сатылған жолдамалар саны 2018 жылы 37 пайызға кеміді. Бұрынғы беделін қайтару үшін жергілікті менеджерлер жарнама науқанын ұйымдастырып, демалушыларға арналған бонустар енгізді. 

Катарина Ковальска, туристік компанияның директоры:

– Биыл саудамыз қызу жүріп жатыр, билеттер қалған жоқ деуге болады, өйткені турагенттігіміз Прага мен Чехияның өзге қалаларына сапарлауға 20 пайызға дейін үлкен жеңілдіктер берген. Сұраныс артқандықтан көптеген әуе компаниялары қосымша рейстер ұйымдастырып жатыр. Автобустар да өте көп, оған турагенттік арқылы да билеттер сатылады. Яғни өз қалаңыздан трансферге тапсырыс бере аласыз. 

Дегенмен шешімін әлі таппаған бір мәселе бар. Бұл мейманханалардағы орын тапшылығы. Қала басшылары желтоқсан айының басында бірнеше жаңа хостел ашуды және қонақтарды студенттік жатақханаларға орналастыруды көздеп отыр.

Авторлары:Надежда Дрейгал, Вадим Чех.

Хабар 24 телеарнасы