376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта ереуіл кезіндегі қақтығыстан 7 адам қаза тапты

  • 198
  • UPD: 12:00, 22.11.2019
Иракта ереуіл кезіндегі қақтығыстан 7 адам қаза тапты

Тағы 78 азамат жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай, бақилық болғандар оқ жарақатынан көз жұмыпты. Дәрігерлердің айтуынша, ереуілде зардап шеккендер резеңке оқ пен көз жасаурататын газдан жараланған. Еске сала кетейік, Ирактағы үкіметке қарсы жаппай ереуіл қазанның басынан жалғасып келеді. Көшеге шыққан жұрт: «билік халықты қанап, жемқорлықтың жайлауына жол берді», – дейді. Жалпы, ресми деректер бойынша бүгінге дейін елдегі шерулерден 325 адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы