384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда тәртіп сақшылары шеруге шықты

  • 170
  • UPD: 11:50, 22.11.2019
Португалияда тәртіп сақшылары шеруге шықты

Португалия астанасы Лиссабонда мыңдаған полицей қала көшелеріне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары шеруге қатысу үшін елдің түкпір-түкпірінен жиналыпты. Олар еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Бұған қоса, тәртіп сақшылары жалақының төмендігі мен жеңілдіктердің жоқтығына наразылық білдірді. Айта кетейік, бүгінде португал полицейлерінің жалақысы шамамен 800 еуродан басталады. Ал Польша мен Францияда дәл сондай қызметтегі тәртіп сақшысы 1300 еуроға жуық табыс табады екен.

Хабар 24 телеарнасы