448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда темекінің қымбаттауынан контрабанда көбейді

  • 297
  • UPD: 13:51, 22.11.2019

Грузияда темекі бағасы көрші елдермен салыстырған екі есе қымбат, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ел шылым бұйымдарына акциз мөлшерін еуропалық деңгейге жеткізу міндеттемесін алған болатын. Алайда баға қымбаттағанан кейін, темекі контрабандасы да күрт өсіп кетті.

2017 жылдан бастап Грузияда қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынған. Сондай-ақ, осы мерзімде темекі бағасы екі жарым есе қымбаттады. Өкімет осылайша халықты жаман әдетінен айнытуға тырысып келеді. Алайда қарсыластары бұл шаралар елде контрабанданың өршуіне әкелгенін алға тартады.

Репсиме Восканян, Тбилиси тұрғыны:

– Бәрі бір шылым тарта береді, сол себептен бұл жағдайды өзгертеді деп ойламаймын. Соңғы кезде бағалар тым өсіп кетті. Себебін білмеймін, бірақ қалтамызды қағып отыр.

Тенгиз Энукидзе, Тбилиси тұрғыны:

– Зейнеткер болғандықтан, қымбаттауына қарсымын. Бұрын қымбаттау темекі тартатын едім, енді ең арзанына көштім. Бірақ олардың да бағасы өсіп келеді. Бұл денсаулығымызға кері әсер етеді. 

Жалпы ел тұрғындарының 33% шылым тартады. Бұл көрсеткіш бойынша Грузия әлемде алтыншы, ал Еуропада екінші орында тұр. Темекі қымбаттауының тағы бір себебі 2017 жылы болған салық жүйесінің реформасымен байланысты.

Георгий Мжаванадзе, Iset Policy Institue ұйымының бас зерттеушісі:

– Өз пайдасын бизнеске қайта инвестициялайтын фирмаларға салық мөлшерлемесі азайтылды. Осының салдарынан қазынаға түсетін түсім кемитін еді. Өкімет оның орнын толтыру үшін темекі мен жанар май бағасын көтерді деп ойлаймын.

Ресми статистикаға сүйенсек, темекі қымбаттағаннан кейін, контрабанда мөлшері де өсті. Негізінен ол темекі екі есе арзан тұратын көрші елдерден жеткізледі. Дегенмен мамандардың айтуынша, бұл әлі үлкен қауіп төнідіріп тұрған жоқ.

Георгий Мжаванадзе, Iset Policy Institue ұйымының бас зерттеушісі:

– Шамамен жылына Грузияда темекінің 500 миллион қорабы тәркіленеді. Бұл елде тұтынылатын жалпы мөлшердің бір пайызынан кем. Ал осы контрабанданың кесірінен айырылған салық мөлшеріне келетін болсақ. ол шамамен 1 млн лари. Бұл да аса үлкен сома емес.

Мамандардың айтуынша, Үкіметтің темекіге акциз мөлшерін әрі қарай да көтеру жоспары бар. Бірақ бұл контрабанданың артуына әкелетіні анық. Сондықтан, мемлекеттің қылмыстың бұл түрімен күресті күшейтуге қосымша қаржы бөлуден басқа амалы жоқ.

Авторы:Юлия Тужилкина.

Хабар 24 телеарнасы