423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасының норвеж тіліне аударылған кітабының таныстырылымы өтті

  • 1350
  • UPD: 23:21, 23.11.2019

Ослода Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану проблемасына арналған «Бейбітшілік эпицентрі» кітабының норвеж тіліндегі тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдегі Қазақстан елшісі Еркін Ахинжанов салтанатты шараға жиналған жұртты құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттігі ядролық қарусыздану процессімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Және де Кеңес одағының осыдан 70 жыл бұрын Семей полигонында алғаш рет жойқын қаруды сынақтан өткізіп, ажал орны тек 1991 жылы 29 тамызда Назарбаевтың жарлығымен жабылғанын айтты. Жалпы, «Бейбітшілік эпицентрі» Қазақстандағы ядролық сынақтар тарихы туралы ғана баяндап қоймай оқырманды жойқын қарудан азат әлем құруға шақырады. Елбасының туындысын норвеж тіліне Николай Геров аударған. 

Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– 1949 жылы Семей полигонында алғашқы ядролық қару сынақтан өткізілген болатын. Бүгін міне, Норвегия жерінде дәл осы проблемаға тағы бір рет мәрте назар аударылып осы Семей полигонының жабылуына бүкіл әлем бойынша Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәл осындай гуманистік идеяны байрақ етіп көтеріп, полигонды жапқан шешіміне  назар аударылды.

Хабар 24 телеарнасы