422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Техникалық гиганттар онлайндағы әр әрекетті аңдып отырады – The Guardian

  • 615
  • UPD: 23:52, 24.11.2019
Техникалық гиганттар онлайндағы әр әрекетті аңдып отырады – The Guardian The Guardian

«Техникалық гиганттар онлайндағы әр әрекетті аңдып отырады. Бұл адам құқықтарын бұзады», деп жазады Қазақпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

«Интернетке кіріп, Facebook-ті парақтап отырған адам өзі қызығатын салалар туралы жарнамалардың шығып тұратынын байқайды. Дегенмен, Интернетке қолжетімділік қазіргі замандағы адам құқықтарын жүзеге асыруда үлкен мәнге ие екені сөзсіз. Бүкіл әлемдегі халық осы платформаларға тәуелді. Бірақ интернеттегі өз құқығын қорғауы үшін адамдар жүйеге бағынуы керек. Ал ол жүйе адам құқықтарына қиянат жасауы мүмкін», - деп жазады басылымның шолушысы.

Оның пайымынша, қазіргі таңда Facebook пен Google компанияларына интернетте адам құқықтарын бұзғаны туралы жиі айып тағылады. Сонымен қатар бұл екі компания үкіметтік бақылауды күшейтуге атсалысатыны да айтылып жүр.

Хабар 24 телеарнасы