380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта шеру кезінде 2 адам қаза тапты

  • 222
  • UPD: 08:35, 25.11.2019
Иракта шеру кезінде 2 адам қаза тапты

Ирактың Басра провинциясында үкіметке қарсы наразылық шеруі өтіп, полициямен қақтығыс болды.

2 адам қаза тауып, 90 адам жараланды. Полицейлер шерушілердің көпірді жабуына жол бермеу үшін көзді жасаурататын газ шашып, қару қолданды. Осылайша опат болғандардың саны күн сайын артып жатыр.

Айта кетейік, Ирактағы толқулар өткен айда басталған. Халық елдегі жемқорлық пен жұмыссыздыққа наразы. Шерулер басталғалы 300-ге жуық адам қаза тапқан. Тағы 15 мыңға жуық тұрғын жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы