429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль халқы Нетаньяхудың отставкасын талап етіп отыр

  • 512
  • UPD: 09:46, 25.11.2019

Израильде де халық ереуілдетіп жатыр. Наразы топ үкімет басшысының қызметінен кетуін және саяси дағдарысты шешуін талап етіп отыр. Оның үстіне премььер-министр Биньямин Нетаньяхуға сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылып жатыр. Ал елде үшінші рет парламенттік сайлау өтпекші.

Биньямин Нетаньяху оппозиция жетекшісі болғанда осылай көшеге шығып, сыбайлас жемқорлықпен айыпталған тұлғаның үкімет басшысы болуына наразылық танытқан. Енді ол өзі премьер-министр. Ал айып енді өзгеге емес, өзіне тағылып отыр. Шерушілер де оның биліктен кетуін сұрап жатыр. 

Янив Хаги, шеруші:  

- Күн сайын дабыл қағылып арнайы орындарға жасырынамыз. Балаларымыз жылап, сабақ оқи алмайтын болды. Үкімет Газа мәселесін шешуі керек. Бірақ билік ештеңе жасап отырған жоқ. Дағдарыс жылдар бойы жалғасып келеді. 

Соңғы жылдары мұндай митингтер жиілеген. «Демокартиялық лагерь» қоғамдық ұйымы Нетаньяхудың қызметінен кетіп, оған қарсы тергеудің тиянақты жүруін сұрап отыр.   

Хаим Шадми, «Демократиялық лагерь» қозғалысының өкілі:

- Біз Израильді еркін, демократиялық, либералды мемлекет ретінде сақтап қалғымыз келеді. Бірақ қазіргідей Премьердің тұсында бұл мүмкін емес. Сондықтан Бибидің отставкаға кетуін қалаймыз.

Елде заңды кеңестің Нетаняхуды сотқа беру туралы шешімі қызу қолдауға ие болған. Бірақ іс ұзаққа созылуы ықтимал. Шерушілер болса сот үкімін естігенше осыалй жинала береміз дейді.

Ендігі бір топ кнессеттің алдына жиналып, сайлауды қаламаймыз деп ұрандатуда. Олардың басым бөлігі оқушылар мен студенттер. Елдің келешек ұрпағы саясаткерлерден  дағдарысты шешуді қалайды. 

Йони Эршензон, мектеп түлегі:

- Мен осымен екі рет сайлауда дауыс бердім. Бірақ өзгерген ешнәрсе жоқ. Бұл демократия ма? Біз саясаткерлердің ақылға келіп, ортақ келісімге келуін сұраймыз.

Кей шерушілер өздерімен бірге сатылар алып шыққан. Бұл саясаткерлердің аспаннан жерге түсіп, өзекті мәселерді шешу керектігін меңзейді. Себебі Израильде үкіметтік дағдарыстың созылғанына бір жылға жуық уақыт болып қалған.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы