424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кореяда теміржолшылар ереуілге шықты

  • 532
  • UPD: 09:05, 25.11.2019
Кореяда теміржолшылар ереуілге шықты

Оңтүстік Корея теміржолшылары ереуілге шықты. Олар жалақыны көтеріп, жұмысты азайтуды талап етіп жатыр. Өткен сәрсенбі күні Корей теміржол бірлестігі кәсіподағы бүкіл елде наразылық шеруін бастады.

Оған 11 мың 500 адам қатысады. Шараны ұйымдастырушылар үкіметтен қосымша 4 мың 600  адамды жаңадан жұмысқа алып, жалақыларын 4 пайызға көбейтуді талап етуде. Бүкіл республика бойынша ондаған теміржол рейстері тоқтатылды. Жүк тасымалы 65 пайызға азайды. Жылдамдығы жоғары жолаушылар пойыздары жұмысын 30 процентке қысқартты. Жолаушылар автобуспен жүруге мәжбүр. Кәсіподақтар мен ұлттық теміржол тасымалдаушысы әкімшілігі арасындағы келіссөз әзірге еш нәтижеге әкелген жоқ.

Сон Бён Сок, Корея теміржол корпорациясының президенті:

- Пойыздар қауіпсіз жұмыс істеуі үшін барлық шараны қолға аламыз. Осы мақсатта жүрдек пойыздардың жұмысын азайттық. Барлық қолайсыздықтар үшін халықтан кешірім сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы