428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайлық қыз қатты жөтеліп, қабырғасын сындырды

  • 755
  • UPD: 12:55, 25.11.2019
Қытайлық қыз қатты жөтеліп, қабырғасын сындырды

Ол күннен қорғайтын кремді үзбей қолданып, ағзаға D витаминінің түсуін шектеген.

Салдарынан сүйектері жұқарып, морт сынғыш күйге айналған.

Сұлу болуды көздеген Чжэцзян провинциясының тұрғыны көкжөтелден талмасы ұстап, 10 қабырғасын сындырды. Оған денеге күн көзінен қорғайтын кремді ұдайы жағуы себеп болды, деп жазды Daily Mail басылымы.

Небәрі 20 жастағы қытайлық ару терісінің түсі үшін алаңдап, күнге күйіп кетпеуден сақтанған. Оның ойынша алқапта жұмыс істейтін кедейлер ғана солай жүре алады. Сондықтан,  сыртқа неғұрлым аз шығып, болмаса қорғаныш кремін жаққан. Ауруы асқынған бойжеткенге дәрігерлер демікпе диагнозын қойды. Ақ халаттылар емді үйде жалғастыруға кеңес береді, алайда көп ұзамай қыз сол жақ кеудесінде ауырсынуларды сезіп, медициналық көмекке қайта жүгінуге мәжбүр болады.

Бұған дейін, ағзаға D дәрумені жетіспеуінің басты белгілерін атағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы