428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лампедуза аралынан 5 мигрант әйелдің мәйіті табылды

  • 387
  • UPD: 12:58, 25.11.2019
Лампедуза аралынан 5 мигрант әйелдің мәйіті табылды

Италияның ЛампедУза аралында 5 әйедің денесі табылды. Үшеуінің мәйіті теңізде, ал қалған екеуінікі жағада жатқан.

Жағалау күзетінің мәліметіне сай, әйелдер мінген қайық аударылып қалыпты. Айта кетейік, сенбі күні аталған аралда 149 адам суға батып бара жатқан кемеден құтқарылған еді. Белгілі болғандай, кеме ЛампедУзадан 1600 шақырым жерде апатқа ұшырапты. Бірақ кейін одан 20 азаматтың із-түзсіз жоғалып кеткені анықталды. Алдын ала болжам бойынша олар Алжир, Тунис пен Пәкістан елдерінен шыққан азаматтар болуы мүмкін. Қазір мигранттарды құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы