429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде ереуілшілер полициямен қақтығысты

  • 368
  • UPD: 15:41, 25.11.2019
Чилиде ереуілшілер полициямен қақтығысты

Чили астанасы Сантьягода ереуілшілер мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды. Наразы жұрт әдеттегідей Италия алаңына жиналды.

Сөйтіп, бетперде киген топ полиция көліктеріне тас лақтыра бастаған. Өз кезегінде тәртіп сақшылары ашуға булыққан топтың мысын басу үшін суатқыштар мен көз жасаурататын газ қолданды. Еске салсақ, бұған дейін ел президенті Себастьян Пинера елдегі ахуалға байланысты көшедегі полицейлер саны мен оларға берілетін өкілеттіктің артатынын мәлімдеген еді. Жалпы Чилидегі адам құқығы ұлттық институтының дерегі бойынша наразылық акциясы кезінде бүгінге дейін 26 адам қаза тауып, 2 мың 300-дей кісі жапа шегіпті.

Хабар 24 телеарнасы