421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда ереуілшілер мен шиіттер қақтығысты

  • 584
  • UPD: 19:27, 25.11.2019
Ливанда ереуілшілер мен шиіттер қақтығысты

Бейрутте үкіметке қарсы ереуілшілер мен шиіттік «Хезболла» партиясының жақтастары арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар бірнеше сағат бойы бір-біріне тас лақтырумен болған. Кейін оған тәртіп сақшылары араласып, топтарды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды. Қолда бар мәліметке сай, шиіттер мен ереуілшілер текетіресінен 5 адам түрлі жарақат алыпты.

Айта кетейік, Ливандағы жаппай тәртіпсіздік 17 қазаннан бері жалғасып келеді.

Хабар 24 телеарнасы