419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гонконгте өткен сайлауда оппозиция жеңіске жетуі мүмкін

  • 662
  • UPD: 17:43, 25.11.2019
Гонконгте өткен сайлауда оппозиция жеңіске жетуі мүмкін

Гонконгте өткен аудандық кеңес сайлауында демократия жақтастары жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демалыс күндері белсенділер ереуілге шығудың орнына жаппай дауыс беруге барған. Нәтижесінде халықтың 71 проценті өз таңдауын жасады. Ресми қорытынды шықпаса да, алдын ала ақпарлар бойынша 452 мандаттың 300-ін оппозиция өкілдері жеңіп алған.

Айта кетейік, бұған дейін аудандық кеңестің 75 проценті билік басындағы партияның өкілдері еді. Өңірдегі саяси шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 31 мың полицей жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы