424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Молдовада егеуқұйрықтар көшеде өтіп бара жатқан адамдарға шабуылдаған

  • 637
  • UPD: 19:28, 25.11.2019
Молдовада егеуқұйрықтар көшеде өтіп бара жатқан адамдарға шабуылдаған

Молдованың Кишинев қаласында егеуқұйрықтардың қаптап кеткені соншалық, олар көшеде өтіп бара жатқан адамдарға шап бере бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, зиянкестердің артуына Кишинёвтағы көне үйлердің көбеюі себеп болыпты. Себебі ондағы жертөлелер ылғал және қоқыс тастайтын құбырлар ашық. Жалпы бұл үйлерде жылына екі рет санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі, бірақ бұл шара егеуқұйрықтарды толығымен құрта алмай отыр.

БЛИЦ:

– Бұрын егеуқұйрықтар біз тұратын 13-қабатқа дейін жететін. Олар қоқыс құбыры арқылы көтеріледі. 

– Бұл жерде егеуқұйрықтар жоқ, ал біздің үйде қаптап жүр.

– Қала қақпасында егеуқұйрықтар жүреді, онда жертөлелер ылғал, соны қоныстанып алған.

Хабар 24 телеарнасы