423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арменияның кәсіподақтар конфедерациясы заңға өзгеріс енгенін қалайды

  • 547
  • UPD: 11:39, 26.11.2019
Арменияның кәсіподақтар конфедерациясы заңға өзгеріс енгенін қалайды

Жұмыстан заңсыз шығару, еңбек демалысына тиесілі қаражаттың төленбеуі.

Арменияның кәсіподақтар конфедерациясы көбіне осындай мәселелерді шешумен айналысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Конфедерация құрамына 19 салалық кәсіподақ пен 200 мыңға жуық адам кіреді. Ұйым төрағасының орынбасары Борис Харатянның айтуынша, бұл салада заңды күшейту қажет. Өйткені кәсіподақ құқығы тапталған қызметкерлерді қорғағанымен, сотқа жүгіне алмайды. Тек лицензиясы бар заңгерлер ғана құқылы. Сондай-ақ Арменияда ереуілге шығуға конституциялық тұрғыда шектеу қойылған. Кәсіподақ мүшелері бұл мәселені шешкісі келеді

Борис Харатян, Арменияның кәсіподақтар конфедерациясы төрағасының орынбасары:

- Мен мынадай мысал келтірейін, ереуілге шығу үшін барлық ұжымның ортақ келісімі және шешімі қажет. Нақтырақ айтсақ, тек кәсіподақ өкілдері ғана емес, оған мүше емес қызметкерлер де келуісі тиіс. Жасырын дауыста барлық ұжымның 2/3 бөлігі дауыс беруі керек. Бұл өте қиын мәселе. Біздің конфедерация әлгі талапты қайта қарау үшін тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс істеп жатыр. Көшеге шығып, наразылық білдіру үшін мүмкіндік берілсін дейміз.

Хабар 24 телеарнасы