Одан кемі 50 адам зардап шекті.
Албанияның денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, Тиран аумағында болған жойқын жер сілкінісінен кейін ауруханаға түрлі жарақатпен 50 адам келіп түскен.
Фактор басылымының мәліметінше, жер асты дүмпулері таңғы 03:54-терде басталған.
Салдарынан бірнеше ғимаратқа зақым келді, үйінді астынан екі бала құтқарылды.
Ал куәгерлердің айтуынша, ондаған адамды қиранды басып қалған.
Зілзаланың магнитудасы 6,4 балды құрады. Табиғи апаттың кіндігі Мамурраш қаласынан 12 шақырым жерде.
Бұл кейінгі 30 жылда осы елде тіркелген ең қуатты жер сілкінісі болып отыр.