423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда жұмыс істейтін кез келген адамның құқығы ескеріледі

  • 485
  • UPD: 14:31, 26.11.2019

Иранда ұзақ жылдар бойы кәсіподақ ұйымдарының қызметі заң жүзінде қарастырылмай келді.

Бірақ бірнеше жыл бұрын мәселенің беті бері қарап, жұмысшылардың құқықтары заңды түрде қорғала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Содан бері Тегерандағы кәсіподақтар тынымсыз еңбектің арқасында әлемдегі ең белсенді ұйымдар қатарында келеді. Сонымен, Ислам Республикасында кәсіподақ белсенділері жұмысшы топтың құқығын қалай қорғап жүр?

Иранда 3 миллионға жуық кәсіподақ тіркелген. Олардың дені Тегеранда. Бұл көрсеткіш әлем елдерімен салыстырғанда 7 есе көп. Олар көбіне қызметтік құқықтың қорғалуы мен жұмысшылардың әлеуметтік мәселесін шешумен айналысады. Солардың бірі – өз мүшелеріне несие алуға көмектесу. Егер одақ өкілінің біреуіне банк қарыз беруден бас тартса, ол қалған әріптестеріне көмек сұрап жүгіне алады. Олардың дені – кәсіпкерлер.

Мұхамед Нагави, кәсіпкерлер кәсіподағының мүшесі:

Кәсіпкерлер кәсіподағының 43 мыңнан астам бөлімшесі бар. Олардың мүшелері іскер, ауқатты адамдар. Бірақ олардың да құқықтары да тапталады. Біз бірігіп, ортақ мәселелерімізді талқылап отырамыз. Барлық проблеманы сараптап, олардың шешу жолдарын ақылмен шешеміз.

Иранда жұмыс істейтін кез келген адамның құқығы ескеріледі. Кәсіподақ өкілдері олардың мәселесін заңды жолмен шешуге тырысып бағады. Көбіне сот немесе заңды ереуіл арқылы нәтижелі болады.

Али Шафах, Азық-түлік өндірісі кәсіподағының мүшесі:

- Біз бұрын кәсіподақтар туралы туристерден немесе шетелден келгендерден ғана естейтінбіз. Алғашқы одақтар ашылған уақытта үміт пайда болды. Өзімізге қорған болатын ұйымның бар екенін сезіндік. Бұл еңбек құқығын қорғайтын жүйеленген одақ деп айтушы едім.

«Алдағы уақытта кәсіподақтардың саны кем дегенде екі есеге артады», - дейді мамандар. Олардың арасында әйел еңбегін бағалайтын одақтар да болады. Осы уақытта Тегеранның 10 фабрикасы мен компаниялары жаңа жобаны іске қосу үшін қажетті құжаттар жинауда.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы