378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Албанияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны алтыға жетті

  • 183
  • UPD: 14:50, 26.11.2019
Албанияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны алтыға жетті

Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады.

Магнитудасы 6,4 балды құраған зілзала бүгін таңда Тиран аумағында тіркелді. Жерасты дүмпулері бас қалада және апат ошағына жақын орналасқан Дурресте де сезілді. Салдарынан 300 тұрғын зардап шекті.

Басылымның хабарлауынша, қираған ғимараттардың астында адамдар қалып қойған. Өрт сөндірушілер мен әскерилер оларды алып шығуға күш салуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Албанияда мұндай табиғат апаты кейінгі 30 жылда болмағанын жазған едік.

Дайындаған: Н.Т
Хабар 24 телеарнасы