419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дрезден музейінде ұрылар бағалы тастарды қолды қылған

  • 605
  • UPD: 14:50, 26.11.2019
Дрезден музейінде ұрылар бағалы тастарды қолды қылған

Дрезденде музей тоналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұрылар бағалы тастарды қолды қылған. Алдын ала есеп бойынша олар музейден жалпы құны миллиондаған долларды құрайтын жәдігерлерді алып шыққан. Қазір нақты шығын көлемі есептеліп жатыр. Жалпы тексере келе анықталғандай, әккі ұрылар музейді тонау үшін жер астындағы трансформаторды өртеп, ғимаратты жарықсыз қалдырған. Сөйтіп, асқан ептілікпен ғимарат ішіне кіріпті.

Айта кетейік, Дрездендегі музей қоры жағынан Германиядағы ең бай музейлер қатарында. Онда зергерлік бұйымдар топтамасы мен қолданбалы өнер туындылары сақтаулы.

Хабар 24 телеарнасы