419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Француз әскері 13 сарбазынан айырылды

  • 569
Француз әскері 13 сарбазынан айырылды

Малиде француз қарулы күштерінің 2 тікұшағы соқтығысып, 13 сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың алтауы – офицер. Оқиға Малидің оңтүстік-шығысында лаңкестерге қарсы операция жүргізу кезінде болды. Әзірге апаттың неден туғаны белгісіз. Президент Эмманюэль Макрон қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қайғырып көңіл айтты. Ақпарат құралдары бұл француз армиясының Малиде соңғы 30 жылдағы ең ірі шығыны деп отыр.

Айта кетейік, Франция 2013 жылдан бері Малиде лаңкестерге қарсы операция жүргізіп келеді. Қазір онда 4 жарым мыңға жуық француз жауынгері орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы