376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та қалың қардан мыңдаған жолаушы әуежайда қалуға мәжбүр

  • 245
  • UPD: 13:58, 27.11.2019
АҚШ-та қалың қардан мыңдаған жолаушы әуежайда қалуға мәжбүр

АҚШ-тың Колорадо штатында боран соғып, қалың қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 500-ге жуық әуе рейсі кейінге шегерілді. Тағы 350-ден астам ұшақ кідірген. Осыған байланысты қазір мыңдаған жолаушы әуежайда жіпсіз байланып отыр. Бұған қоса, табиғаттың тосын мінезінен аймақтағы мектептер мен дүкендер уақытша жабылды. Синоптиктердің мәліметінше, мұнда желдің жылдамдығы сағатына 72 шақырымға жеткен. Ал соңғы тәулік ішінде қалыңдығы 30 сантиметрге жететін қар жауыпты. Болжам бойынша өңірдегі қолайсыз ауа райы әлі де сақталады.

Хабар 24 телеарнасы