376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте электрондық темекіге тыйым салынбақ

  • 223
  • UPD: 18:36, 27.11.2019
Нью-Йоркте электрондық темекіге тыйым салынбақ

Нью-Йорк билігі электрондық темекіге тыйым салатын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатты қалалық кеңестің 42 өкілі қолдаса, тек 2 адам қарсы шыққан. Шара электрондық темекіні сатушыларға тыйым салады. Осылайша, шаһар билігі электрондық темекіні қолданушы жастардың көбеюіне тосқауыл қоймақ. Қала мэрі Билл де Блазио заң жобасына қол қоятынын мәлімдеді. Ал ресми дерекке сүйенсек, АҚШ-та 5 миллион жеткіншек электрондық темекіні пайдаланады. Нью-Йоркта әр төртінші оқушы қолданады.

Хабар 24 телеарнасы