380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мелания Трамп апиынмен күресті қолға алды

  • 240
  • UPD: 08:43, 28.11.2019

АҚШ-та апиын дағдарысы жалғасып жатыр. Жыл сайын елде есірткінің дәл осы түрін артық мөлшерлеу салдарынан ондаған мың адам көз жұмады.

МелАния Трамп та бұл түйткілмен күресті қолға алды. Бұл ретте бірінші ханым Балтимор қаласында өткен жастар форумына қатысқан. Алқалы жиын ғаламтордағы қауіпсіздік және есірткімен күрес мәселелеріне арналған. МелАния Трамп студенттер алдында сөз сөйлеп, олардың салауатты өмір салтын сақтау үшін дұрыс шешім қабылдайтынына сенім білдірді. Айта кеткен жөн, апиындар АҚШ-та 1990 жылдардың ортасынан бері ауырсынуды басатын зат ретінде қолданыла бастаған. Алайда бүгінде оларды қазіргі заманғы медицинаның қатерлі қателігі деп атап жатыр. Президент Дональд Трамп есірткінің бұл түріне қатысты жағдайды ұлттық апатқа бағалады.

БҰҰ өкілдерінің мәлімдеуінше, апиын дағдарысы тек АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті жаһандық түйткілге айналуда. Еірткінің бұл түріне тәуелділіктің пайда болуына оның қолжетімділігі себеп болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы