429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Доминиканда автобус апатынан 27 адам зардап шекті

  • 587
  • UPD: 08:20, 28.11.2019
Доминиканда автобус апатынан 27 адам зардап шекті

Доминиканда ресейлік туристер мінген автобус аударылды. Салдарынан 27 жолаушы зардап шеккен.

Апат жергілікті уақытпен кеше сағат 16:00 шамасында  Санто-Доминго мен курортты қала Пунта-Кана трассасында болған. Туристерді әуежайға апара жатқан автобус жолай жүк көлігімен соқтығысады. Ресей туроператорлар  бірлестігінің сайтына шыққан мәліметке сай автобустың алдында келе жатқан жүк көлігі кенеттен маневр жасаған. Автобус жүргізушісі бірден тежегішті басады. Апат салдарынан автобус аударылып қалған. Венесуэладағы Ресей Елшілігінің ақпарынша көлікте барлығы 39 ресей азаматы болған.

Хабар 24 телеарнасы