435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде Моцарттың жас кезіндегі суреті аукционға шығарылады

  • 477
  • UPD: 09:51, 28.11.2019

Парижде Моцарттың жас кездегі портреті бәссаудаға шығарылмақ. Картинананың бастапқы құны 200 мың еуро.

Туындыны Джамбеттино Чиньяроли есімді итальяндық суретші салған. Джамбеттино бар-жоғы төрт қана портреттің авторы. Сондықтан болса керек картиналарының құны қымбат. Қазір шығарма жеке коллекционердің қолында. Моцарттың портреті венециандық генерал Пьетро Луджиатидің тапсырмасымен салынған. 1770 жылы генаралға Веронадағы концерт кезінде жас композитордың шығармашылығы ұнап қалады. Сондықтан осы картинаға тапсырыс бергенге ұқсайды.

Хабар 24 телеарнасы