381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Apple компаниясы 2020 жылы көлемі шағын iPhone шығарады

  • 460
  • UPD: 15:40, 28.11.2019
Apple компаниясы 2020 жылы көлемі шағын iPhone шығарады

Алдағы жылы ықшам модельді iPhone шығады, деп хабарлады astera.ru.

Дегенмен бұл модель туралы әртүрлі мәліметтер бар. Соңғы мәліметтер бойынша, Apple 2020 жылы OLED технологиясын қолдана отырып, 5,4 дюймдік экраны бар шағын iPhone ұсынады.

Сонымен қатар дисплейі 6,7 дюймді құрылғы шықпақ. Деректер бойынша, америкалық компанияның экрандарын жеткізуді Samsung компаниясы ұйымдастырады.

2020 жылы шығатын смартфондардың экран жақтауы жіңішке болмақ.

Шағын модельдің пайда болуына қарамастан, 6,1 дюймдік экраны бар iPhone-дар қала береді.

Хабар 24 телеарнасы