377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилидегі ереуіл кезінде 26 адам қаза тапты

  • 171
  • UPD: 15:34, 28.11.2019
Чилидегі ереуіл кезінде 26 адам қаза тапты

Чилиде халықтың жаппай толқулары әлі де басылар емес.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өткен айдың ортасында басталған ереуілдерден 26 адам мерт болып, 13 мыңнан астам тұрғын түрлі жарақат алған. Олардың арасында тәртіп сақшылары да бар. Тәртіпсіздік салдарынан аймақта көлік қатынасы тежеліп, жекеменшік кәсіпорындар орасан зор шығынға батты. Ел экономикасы да зардап шекті. Чили президенті Себастьян Пиньера ереуілге үкімет әскерін жіберу құқығына ие болу үшін Конгресске жаңа заң жобасын ұсынды. Құжат әлі мақұлданған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы