378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Грекиядағы босқындардың жағдайына алаңдаулы

  • 242
  • UPD: 15:44, 28.11.2019
БҰҰ Грекиядағы босқындардың жағдайына алаңдаулы

Грекия билігі мигранттар лагерьлеріндегі жағдайды жақсартуы тиіс. Ал Еуроодақ грек жеріне табан тіреген келімсектердің балалары мен босқын мәртебесіне үміткерлерді қорғауға күш салуы қажет.

Мұндай мәлімдемені БҰҰ Босқындар жөніндегі комиссары Филипо Гранди Грекияға сапары кезінде жасады. Айта кетейік, ресми Афина өткен апталарда елдегі үш аралдағы босқындар лагерін жауып, олардың орынына арнайы орталықтар ашатынын хабарлады. Себебі, оларда мигранттар шамадан тыс көп орналастырылып, жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызған. Ал ресми дерекке сүйенсек Грекияда қазір 80 мың мигрант өмір сүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы