419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция фермерлері Парижге баратын жолдарды бөгеп тастады

  • 586
  • UPD: 09:30, 29.11.2019
Франция фермерлері Парижге баратын жолдарды бөгеп тастады

Бір мыңдай фермер Парижге баратын жолдарды бөгеп тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдар ел билігімен кездесуге тырысқан. Фермерлердің наразылығына осыдан бір жыл бұрын қабылданған заң себеп болды. Ол азық-түлік өндіретін ұсақ шаруашылықтарына қолдау көрсетуге тиіс болатын. Бірақ іс жүзінде, керісінше тек ірі компаниялар мен сауда жүйелеріне пайда әкелген. Бүгінде елдегі фермерлердің 20%-і кедейлік зардабын тартып, мемлекеттен жәрдемақы алып жүр. Таң атпай ауылды аймақтан тракторларға мініп келген белсенділер Парижге апаратын негізгі жолдарды бөгеп тастады. Бірнеше сағат өткеннен кейін олармен ауылшаруашылық министрі кездесті. Осыдан кейін фермерлер үкімет жағынан шаралар қабылданғанша, бірнеше күнге наразылық шарасын доғаруға келіскен.

Юбер Фревилль, фермер:

- Жүктеме жұмысты тынбай атқарып жүретін фермерлер бар. Алайда бұған әрі қарай төзуге мұршасы жоқ. Сондай-ақ ауылшаруашылық қызметкерлеріне үнемі жасалып жүрген шабуылдарды тыю керек. Осы аптада тағы да бір адам өзіне қол жұмсаған. Осындай оқиғалар күнара болады. Мұның бәрінен адамдардың шыдамы таусылған.

Хабар 24 телеарнасы