420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстандағы 390 ауыл-аймақта ауыз су жоқ

  • 591
  • UPD: 12:42, 29.11.2019

Бұл мәселенің тұралап тұрғанына біраз жыл. Билік өкілдері биылдан қалмай елді мекендерді сумен қамтуды көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін қаражат тек мемлекеттік бюджеттен ғана емес, шетелден де бөлініп жатыр.

193 миллион еуро. Бұл – елді мекендерді таза ауыз сумен қамтуға бөлінген қаражаттың сомасы. Бүгінде республиканың 21 қаласында су құбырын жүргізу жобалары жүзеге асып жатыр. Десе де, бұл ақша елдегі ауыз су тапшылығы мәселесін шешпей отыр. Шалғай ауылдарда қара судың тамшысына зәру отбасылар әлі де жетерлік.

Аскарбек Токтошев, ауыз сумен қамтамасыз ету департаментінің директоры:

- Өткен жылы еліміздің алпыс тоғыз ауылын ауыз сумен қамтамасыз еттік. Ал, биыл мемлекеттік бюджеттен тағы қырық төрт елді мекенге Дүниежүзілік банктің көмегімен қосымша он ауылға су құбырын кіргіземіз.

Шалғай орналасқан ауылдарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен биыл 350 миллион сом бөлініпті. Соған қарамастан, шетелдік донорлардың көмегінсіз мәселенің күрмеуін шешу қиынға соққан. Сондықтиан Қырғыстанға халықаралық институттар қол ұшын созыпты. Инвесторлардың қатарында Дүниежүзілік банк, Ислам банкі, Азиялық және Еуразиялық даму банктері мен Еуропалық Одақ бар. Мәселен, Алмалуу ауылындағы тоған осындай қаражатқа салынған.

Мамытбек Омурзаков, ауыл тұрғыны:

Бау-бақшамызды суарып жатырмын. Су қысымы жоғары. Су мөп-мөлдір таза. Бұрын-соңды бұлай болмаған.

Ұңғыма қазып, ағынды суларды тазартуға арналған қондырғы орнату, су құбырын жүргізу. Бір қарағанда оңай көрінгенімен, әрбір ауылдың жер қыртысы әртүрлі екенін ұмытпау керек. Сондықтан елді мекендерді таза ауыз сумен қамтуға жеке-жеке тоқталу қажет. Десе де, билік өкілдері қиындықтарға қарамастан 2024 жылға дейін Қырғызстанды толықтай ауыз сумен қамтимыз деп отыр.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы