381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуроға сатыла бастады

  • 256
  • UPD: 11:04, 29.11.2019
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуроға сатыла бастады

Италияның Сицилия аралында орналасқан Бивона қаласында тұрғын үйлердің құны 1 еуродан басталды, деп жазды The Sun.

Қала халқы 40 жыл ішінде екі есеге, яғни 4 мың адамға дейін қысқарған. Бивона билігі жылжымайтын мүлікті осылай арзан бағада сату арқылы жаңа азаматтарды тарту туралы шешім қабылдады.

Сатып алынған үйді пайдалануға қатаң міндеттемелер жоқ. Оған дүкен, мейрамхана және т.б. ашуға болады.

Алайда қаладағы көптеген ғимараттардың тозығы жеткен, сондықтан жөндеуді қажет етеді. Тиісінше сатып алушылардың құрылысқа қажетті кем дегенде 2,5 мың еуро құя алатындай мүмкіндігі болуы керек.

7 қарашада тағы бір сицилиялық 6 мың халқы бар Каммрат қаласының билігі тұрғын үйлерді тегін тарату арқылы жаңа тұрғындарды тарту туралы шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы