429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Молдова газсыз қалуы мүмкін

  • 518
  • UPD: 12:45, 29.11.2019

Украинаны айналып өтіп, Ресей газын елге қалай жеткізуге болады? Бұл сауал Молдованың басты уайымына айналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік шұғыл түрде тығырықтан шығу жолын іздеп жатқанда жергілікті тұрғындар көмір жағатын пештерге ауысу туралы жиі ойланатын болды. Мәселе газ транзитіне қатысты Мәскеу мен Киев арасындағы дауға тіреліп отыр.

Газды Молдоваға жеткізу туралы «Газпром» мен «Молдовагаз» арасындағы келісімінің мерзімі 2019 жылдың соңында аяқталады. Бүгінде Кишинев толығымен ресейлік газға тәуелді болып отыр. Ел билігі көгілдір отынды елге жеткізудің басқа жолдарын іздей бастады. Бұл тұста Трансбалкан газ құбырына үміт артып отыр. Алайда экономистердің пікірінше, бұл құбырмен кері бағытта газ тасымалдау мүмкіндігі болмайды. Сондай-ақ Түркия мен Әзербайжан газ компанияларының көмегімен бұл мәселені шешу қарастырылып отыр. Алайда бұл елдердің газ құбырлары реверс бойынша әлі істеп көрмеген. Сондықтан мұндай қадамға баруы екіталай.

Сергей Тофилат, экономист:

Молдованың солтүстігінде тағы да бір газ құбыры бар. Ол газ қоймасы орналасқан Украина аумағына шығып тұр. Сол қоймадан Молдоваға қажетті газдың бір бөлігін жеткізуге болады. Алайда, бұл құбыр елде тұтынылатын көгілдір отынның бүкіл мөлшерін өткізе алмайды, әсіресе, қысқы маусымда.

Газды ең көп тұтынатын аймақ – Кишинев қаласы. Шаһардағы үйлерді жылыту мен электростанциялар жұмысына бүкіл ел тұтынатын көгілдір отынның 40%-і кетеді. Жақында үкімет Румыниядағы газ құбыры елге қажетті газды жеткізе алатынын мәлімдеген. Алайда, бұл құбыр әлі салынып жатыр және жоспар бойынша ол 2021-жылдың ортасында іске қосылады. 

Александр Петков, саясаттанушы:

- «Молдовагаз» кәсіпорнында көп адам жұмыс істейді. Білуімше, шамамен 5 мың қызметкері бар, олардың жартысы әкімшілік жұмыс атқарады. Міне, олар осы мәселемен айналысуы керек. Неліктен Молдова үкіметі үнемі мәселені шешіп жатырмыз деп айтумен келеді. Тіпті де олай емес. Бәрі шаруашылық жүргізуші мекемелер деңгейінде шешіледі.

Таяуда Молдова президенті Игорь Додон Мәскеу мен Кишинев арасындағы барлық мәселе өз шешімін тапқанын жариялады. Оның айтуынша, келіссөздер барысында газды елге жеткізудің түйіні тарқап, бағасы да арзандаған.

Авторлары: Оксана Вивич, Станислаф Трифан

Хабар 24 телеарнасы