419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дональд Трамп Ауғанстан президентімен кездесті

  • 720
  • UPD: 12:41, 29.11.2019
Дональд Трамп Ауғанстан президентімен кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамп кенеттен Ауған жеріне іссапармен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оның президент ретінде Ауғанстанға алғаш рет келуі. Трамптың бұл жоспары жайында алдын ала хабарлаған жоқ. «Рейтер» ақпарат агенттігінің ақпаратына сенсек, Ақ үй басшысы Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесіп, АҚШ-тың әскери базасына соққан. Іссапар барысында Трамп аймақтағы тәліптермен келіссөздер қайта жанданғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін біраз уақытқа созылған АҚШ – Талибан келіссөзі сәтсіз аяқталған болатын. Келісімге сай АҚШ тарапы 135 күннің ішінде Ауғанстандағы сарбаздарын елден шығаруы тиіс еді. Осылайша, тараптардың уағдаластығы әлі де күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы