430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иракта жаппай ереуілдерден 14 адам мерт болды

  • 405
  • UPD: 14:18, 29.11.2019
Иракта жаппай ереуілдерден 14 адам мерт болды

Иракта халықтың жаппай ереуілдері басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жолы елдің оңтүстік өңіріндегі тұрғындар қайта бас көтерді. Тәртіп сақшылары мен ереуілшілердің қақтығысынан 14 адам көз жұмды. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ашуға бой бергендер Наджаф провинциясындағы Иран консулдығының ғимаратын өртеп жіберген. Наразы халық елде белең алған жұмыссыздық пен жемқорлыққа қарсы. Халықтың денсаулық сақтау саласына да көңілдері толмайды.

Айта кетейік, осыдан екі ай бұрын басталған ереуілдерден жүзден астам адам мерт болды.

Хабар 24 телеарнасы