420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада алдағы жылдары бірнеше атом электр станциясы салынбақ

  • 676
  • UPD: 15:27, 29.11.2019

Польша атом электр станцияларын салу бойынша жоспарын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Варшаваның бұл қуат көзіне бет бұруының басты себебі – ауаны ең қатты ластаушы көмірден бас тарту. Қазір отынның бұл түрімен Польшада энергияның 80%-і өндіріледі.

Польша билігі елдегі энергетикалық жүйені толық жаңартуға бет алды. Энергетика министрлігі алғашқы атом электр станциясын 2033 жылы салуды жоспарлап отыр. Ал 2040 жылға таман энергияның 20%-ін осы станциялар арқылы өндірмек. Қазір Парламент олардың қай жерде салынатынын талқылауда. Сарапшылардың айтуынша, бұл қазір елді жылумен қамтамасыз етіп отырған көмірден көрі арзан болады.

Александра Влодарчик, экономист:

- «Секерке» электр станциясы Варшава агломерациясына өндірілетін жылу және электр энергиясының жартысынан көбін шығарады. Өндіріс ошағы жылу және электр энергиясын бір уақытта өндіру принципі бойынша жұмыс істейді.

Атом энергетикасы Польшаның көмірден құтылуына мүмкіндік береді. Қазір елде энергияның 80%-і осы отынмен өндіріледі. Еуропаның көп елі Польшаның бастамасын қолдап, көмір электр станцияларынан бас тартқалы жатыр.

Павел Семенов, саясаттанушы:

- Еуропалық Одақ Польшадан көмірді қолдануды тоқтатып, баламалы электр энергиясын пайдалануды талап етіп жатыр. Варшаваның алдағы уақытта бірнеше атом электр станциясын салу туралы шешіміне осы түрткі болды.

Жалпы Польша алдағы 20 жылда қуаты 9 гигаватқа дейін жететін 6 атом электр станциясын салмақ. Қазір жаңа нысандар тұрғызылатын жерлерде геологиялық және геотехникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Авторлары: Якуб Левандовский, Лукаш Корвин

Хабар 24 телеарнасы