426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің 500-ден аса қаласында экологиялық шеру өтті

  • 445
  • UPD: 15:31, 30.11.2019
Әлемнің 500-ден аса қаласында экологиялық шеру өтті

Әлемнің 500-ден аса қаласында қоршаған ортаны қорғауға арналған шерулер өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде Германия астанасы да бар. Әр жұма сайын экологиялық шеруге шығатын оқушыларға бұл жолы ата-аналар, мұғалімдер мен табиғатқа жанашырлары қатысты. Көшеге шыққандардың қарасы – 50 мыңдай. Шерушілер Еуропада атом электростанцияларын жабылуын, пластик ыдыстарға тыйым салуды және Германияда көмір қолданбауды талап етіп отыр. 

Алина, оқушы:

Бұл – біздің болашағымыз. Біз жастар саясаткерлер үнімізді естіп, климаттың өзгеруіне қарсы шаралар қабылдағанын қалаймыз. Жеке өз басым Берлин тұрғындары қоғамдық көлікпен жиірек қатынау керек деп санаймын. Алысқа бармаса, автокөлікке мінбей, метро мен автобустарды таңдауы қажет.

Ханна, Берлин қаласының тұрғыны:

– Біздің шеруге келген себебіміз – Германия өзгеруі тиіс деп санаймыз. Экологиялық апатқа әкелмес үшін экономикамызды өзгерту қажет. Үкіметтен климат бойынша Париж келісімдерін орындауын талап етеміз. Өзіміз тұрып жатқан ғаламшарды аялау міндет.

Хабар 24 телеарнасы