423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдегі кафенің қабырғасын кептірілген нанмен салынған сурет алып тұр

  • 794
  • UPD: 15:36, 01.12.2019

Ресейде кафе қабырғасына ерекше сурет салынды. Ерекшелігі сол, оны салуға тек кептірілген нан ғана қолданылған.

Бойжеткеннің бет бейнесі бейнеленген суретке 40 мыңдай текше пішінді нан үзімі жұмсалды. Шығарма авторы жас қыздың жүзіне жарық толық түспеген жерлерді қатты қуырылған нанның көмегімен дәл бере білген. Айта кетейік, туындының ені мен ұзындығы 3 метр. Оны салуға бір жарым ай уақыт кеткен.

Хабар 24 телеарнасы