423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция мен Швейцарияны жалғайтын метро салынды

  • 700
  • UPD: 12:55, 01.12.2019
Франция мен Швейцарияны жалғайтын метро салынды

Женевада 15 желтоқсанда Lemans Express жеңіл метросы іске қосылады. Бұл метро Швейцария мен Франция қалалары арасын жалғайды.

Lemans Express жүйесі екі елдің аумағындағы 45 станцияны қамтиды, оның жалпы қашықтығы 230 шақырым. Осы бағытта Женевадан әрбір он минутта жолға шығатын 45 пойыз тартылды. Жобаның құны 1,5 млрд еуро. Жаңа көлік жүйесі жолдағы автомобильдер санын 12%-ға қысқартып, күн сайын 650 мың автокөлік кесіп өтетін Франция-Швейцария шекарасындағы кептелісті азайтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Францияда баспана құны арзанырақ, ал Швейцарияда жалақы жоғары болғандықтан көптеген адамдар бір мемлекетте жұмыс істеп, келесі елде тұрып жатыр.

Neue Zurcher Zeitung

Хабар 24 телеарнасы