423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексикада 14 адам шабуыл құрбаны болды

  • 461
  • UPD: 20:47, 01.12.2019
Мексикада 14 адам шабуыл құрбаны болды

Мексиканың Вилья Унион қаласында әкімшілік ғимаратына шабуыл жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны есірткі картелі мүшелері ұйымдастырған. Қалаға 7 жабық көлікпен кірген бір топ шабуылшы жағалай оқ жаудырған. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына  жетіп, қылмыскерлерге тойтарыс берген. Салдарынан 14 адам қаза тауып, 6 полицей жараланды. Қазір олар ауруханада жатыр. Ал шабуылға не себеп болғаны белгісіз. Қанды оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы