376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда қар көшкінінен 2 адам қаза тапты

  • 210
  • UPD: 19:34, 01.12.2019
Италияда қар көшкінінен 2 адам қаза тапты

Монблан тауының Италияға қарасты бөлігінде қар көшкіні жүріп, екі адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаңғышылар арнайы қызметтің ескертуін елемей, шатқалға шығып кеткен. Сөйтіп көп ұзамай көшкіннің астында қалды. Қар астында қалған шаңғышыларды құтқарушылар иісшіл иттердің көмегімен іздеп тапқан. Бұған қоса, операцияға азаматтық авиация тікұшағы да жұмылдырылды. Қазір бақилық болғандардың денелері Курмайорға жеткізілген.

Хабар 24 телеарнасы