Иракта үкіметке қарсы толқулар басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл жолы демонстранттар Насирия қаласындағы полиция учаскесін қоршауға алған. Наразы жұрт саяси жүйені түбегейлі реформалауды қалайды.
Еске сала кетейік, кеше ғана үкімет басшысы отставкаға кеткен еді. Бірақ ереуілшілер сонда да тыншымай, көше бойында резеңке өртеп, тәртіп сақшыларына жанғыш заты бар шөлмектер мен тас жаудырып жатыр. Полицейлер су атқыш пен газ жасаурататын газ қолданды.
Айта кетейік, Ирактағы жаппай тәртіпсіздіктер 2 ай бойына жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында 400-ден астам адам көз жұмған.