429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та алманың ерекше түрі сатыла бастады

  • 788
  • UPD: 10:14, 02.12.2019
АҚШ-та алманың ерекше түрі сатыла бастады

АҚШ-та тоңазытқышта бір жыл сақталса да бүлінбейтін жаңа алма сұрпы сатыла бастады, деп хабарлады ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Жаңа алманы сұрыптап шығаруға 20 жыл кеткен. Cosmic Crisp деп аталатын алманы Вашингтон штаты университетінің ғалымдары Honeycrisp және Enterprise гибрид сорттарының қосындысынан алғаш рет 1997 жылы алған. Фермерлер бұл сұрыпты алдағы 10 жыл тек қана өздері өсіруге эксклюзив құқық алған.

«Бұл қатты әрі нәрлі қышқыл-тәтті дәмі бар алма», – дейді университеттің осы сортты селекциялау бағдарламасына жетекшілік еткен Кейт Эванс.

Оның айтуынша, алма тоңазытқышты 10-12 ай сақтау кезінде өзінің қызыл түсі мен керемет дәмін өте баяу жоғалтады. Қазіргі уақытта штатта осы алманың 12 миллион түп ағашы егілген. Алайда лицензия жүйесінің қатаң талабы оны Вашингтон штатынан басқа жерде өсіруге рұқсат бермейді. Бастапқыда алма түрі WA38 деп белгіленген, кейін түнгі жұлдызды аспанға ұқсайтын ақ дақтары көп болғандықтан Cosmic Crisp деп аталған.

Хабар 24 телеарнасы