384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камерунда жолаушылар ұшағына оқ атылды

  • 85
Камерунда жолаушылар ұшағына оқ атылды

Cameroon Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағына Баманда әуежайына қону сәтінде оқ атылды, деп хабарлады Тенгри ньюс Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Әуе тасымалдаушы компанияның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Лайнер жерге қонды.Cameroon Airlines келтірілген залалды есептеп жатыр. Оқиға жексенбі таңертең сепаратистік содырлар ел үкіметінің әскерімен соғысып жатқан жерде болған. Сепаристердің бірі Чо Аяба әуе кемесіне оқ атылғанын растап, коммерциялық ұшақтар сарбаздар мен қару-жарақты тасымалдау үшін пайдаланылатынын айтып, ұшу кестесін алдын  ала беруді талап етті.

Хабар 24 телеарнасы